Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
 
Маржықпаев Берік Боромбайұлы – Ақмола облысы, Қырқыншы бекетте 1960 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген.
С. Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педогогикалық институтын дене шынықтыру мамандығы бойынша бітірді.
КСРО спорт шебері. Кеңес әскері қатарында бөлім командирі және запастағы офицер болды.
1985 жылы Целиноград облысы, Астрахан ауданының Красногвардия орта мектебінде дене шынықтыру лауазымында жұмыс істеп, 1989 жылы аталған мектепке директор болды. Красногвардия орта мектебіне 1994 жылға дейін басшылық етті.
1994 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласының Кеден басқармасында қызмет атқарды.
Осы жылдар аралығында да жастардың тәрбиесімен және спортпен айналысуды тоқтатқан емес.
2005 жылы «Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын алды.
2006-2008 жылдар аралығында  Астана қаласы дене тәрбиесі
және спорт басқармасының басшысы болды.
2008-2009 жылдар аралығында «Астана» кәсіби футбол клубының директоры болды. 2009-2011 жылдар аралығында «Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясы»  МКҚК директорының орынбасары болды.
2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
2015 жылдың 9 ақпанынан бастап Астана қаласының  Дене тәрбиесі
және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
 
 
 
Астана қаласы Дене шынықтыру жəне спорт басқармасының орынбасары
 
Қабдулин Самат Амангелдіұлы 1971 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Майбалық ауылында дүниеге келді.  Ұлты - қазақ.
Білімі жоғары. Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын "тарих жəне құқық" мамандығы бойынша бітірді. Еңбек іс-əрекетін 1995 жылы Ақмола облысының Туризм, жастар тəрбиесі жəне спорт басқармасында жетекші маман лауазымынан бастады.
1995 жылдың желтоқсан айынан 1999 жылдың мамыр айына дейін осы басқармада бас маман лауазымында еңбек етті. 1999-2000 жылдары Ақмола облысы ақпарат жəне қоғамдық келісім басқармасында бөлім меңгерушісі болды. 2000-2003 жылдары Астана қаласы əкімі аппаратының əлеуметтік- мəдени бөлімінде бас маман болды. 2003 жылдың мамыр айынан 2006 жылдың сəуір айына дейін Астана қаласы Туризм жəне спорт басқармасы басшысының орынбасары болды. 2006 жылдың сəуірінен 2006 жылдың қаңтарына дейін Астана қаласы дене тəрбиесі жəне спорт басқармасында дене шынықтыру жəне оқу- спорттық бөлімінің басшысы болды. 2008 жылдың қаңтарынан сəуіріне дейін жоғарыда аталған басқармада басшының орынбасары болды. 2008 жылдың сəуірінен 2009 жылдың қаңтарына дейін "Астана" Кəсіптік футбол клубы"  АҚ-нда бас менеджер болды. 2009 жылдың мамыр айынан 2010 жылдың ақпан айы аралығында Астана қаласы Тұрғын үй басқармасы "Қалалық жылжымалы мүлік" МКК бөлім меңгерушісі, инженер-техник болды. 2010 жылдың тамыз айынан 2011 жылдың желтоқсан айына дейін Астана қаласы Туризм, дене тəрбиесі жəне спорт басқармасында дене шынықтыру бөлімінің басшысы жəне 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап басқарма басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқаруда.
 
 

 

Сайттар
  • Спорттық БАҚ
  • Спорттық Клубтар
  • Спорттық федерациялар
  • Басқармаға қарасты мекемелер
  • Халықаралық ұйымдар